Баспасөз-релиздері

Дәріс пен нетворкингтің уақыты: 26 тамыз күні Неконференция болады!

IТ-hub "Терриконовая Долина" ІТ Digital саласындағы мамандар үшін ең ірі іс-шараның ұйымдастырушысы болып табылады. Неконференция әр ай сайын жұма күндері өткізіледі және қатысушыларға кәсіпкерлер мен әзірлеушілердің дәрістерін тыңдауға, сондай-ақ пайдалы байланыстар орнатуға, пікірталасқа қатысуға шақырады.

Іс-шара дәстүрлі түрде екі бөлімге бөлінеді: бизнес және әзірлеу. Осы шешімнің арқасында әр саланың мамандары өз саласында жұмыс істейтін спикерлердің дәрістерін тыңдай алады. Алдағы жұмада бизнес залында Choco сату жөніндегі менеджері Ернур Шалгинбаев пен психолог Татьяна Қасымтаева сөз сөйлейді. Татьяна жаңа таныстар жасауға көмектесетін және сіз көптен армандаған IT-саласына жол ашатын лайфхактармен бөліседі. Ернур коммуникацияның маңыздылығы мен серіктестер мен клиенттердің көкейкесті мәселелері туралы айтып береді.

Әзірлеу залында Python-әзірлеуші Марк Фицекпен және OquStudy платформасының бас директоры Ахан Бахитовпен бірге дәрістер өтеді. Марк FastAPI-де заманауи API қызметтерінің дамуы және веб-қызметті жылдам прототиптеу мысалдары туралы айтады. Ахан-заманауи онлайн білім беру туралы және алдағы 10 жылда саланың қалай өзгеретіні туралы.

Әр спикер кітапты сыйлық ретінде ең белсенді қатысушыны таңдайды және оған кітап табыстайды. Дәрістерден кейін Неконференцияның барлық қатысушылары тақырыптарды талқылап, кофе-брейк кезінде пайдалы таныстықтар жасай алады.

Іс-шара кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне, стартаперлерге, IT-мамандарына және маркетологтарға қызықты болады. Сілтеме бойынша тіркеле аласыздар: https://terricon.kz/ru/neconf  Қатысуға өтініш беруге асығыңыздар!

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 26 тамыз, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС