Баспасөз-релиздері

Моушн-дизайнер өзінің саласындағы мансап туралы митап өткізді

Моушн-дизайнері - жарнама, теледидар және мобильді қосымшалар саласындағы өзекті мамандықтардың бірі. 11 шілде күні Дмитрий Захаров IT-хабта сөз сөйлеп, моушн-дизайнды қолдану салалары және осы саланың маманы болатындай жолдар туралы айтып берді.

"Дизайн әдеттегі мағынасы бар. Яғни, бұл посттардың, жарнамалардың, баннерлердің және т.б. дизайны. Моушн-дизайны осы статикалық суреттердің барлығын жандандыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді спикер.

Дмитрий дизайнның екі нұсқасының мысалын келтірді - статикалық дизайн мен моушн-дизайны және олардың арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Сондай-ақ ол моушн-дизайнының барлық бағыттарын талдады: композиция, титрлер мен субтитрлер, жарнама, экран бейне бастамасы/лого/интро, TV broadcast, инфографика, презентациялық роликтер, VR/AR matepainting, ойын дизайны, веб-дизайн. Спикер моушн-дизайнның әрбір түрі қандай жағдайларда қолданылатынын және визуал үшін қандай әсер беретінін айтты.

Моушн дизайнерінің негізгі дағдылары - композиция, типография, түс теориясы, сценарий өнері, 3D/2D бағдарламаларын білу, сонымен қатар ынта, шыдамдылық және табандылық керек. Дмитрий моушн-дизайнердің жұмыс істеу үшін практикалық дағдылары болуы тиіс бағдарламалардың толық пакетін келтірді.

Спикердің айтуынша, YouTube сабақтары арқылы үйде де, Ресейдегі арнайы Broadcast Design мектептерінде де моушн-дизайнын оқуға болады.

Митап соңында Дмитрий мысал ретінде өзінің бірнеше жұмысын көрсетті және аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Митап жазбасын берілген сілтеме бойынша өтіп, көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=hB5ydkH8dU8 

Қашан: 11 шілде, 19:00
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.