Баспасөз-релиздері

MedTech Hackathon қорытындылары шығарылды

2026-06-30 17:48
Үш күн бойы MedTech Hackathon қатысушылары денсаулық сақтау саласындағы нақты міндеттерге арналған шешімдерді әзірледі. Командалар медициналық қызметтердің бағаларын біріктіретін агрегаторды құру және клиникалардың прайс-парақтарының архивтерін өңдеу үдерісін автоматтандыру бағытында жұмыс істеді. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жобаларды анықтады, ал хакатонның серіктесі – Nomad Insurance – ең перспективалы идеяларды ерекше атап өтті.

Қазақстандағы медициналық қызметтердің бағаларын біріктіру және салыстыру жүйесін әзірлеуге арналған кейсте жеңімпаз атанған №56 команда құрамында Шымкенттен Алимжан Жорабек пен Семейден Айжас Сериков болды. Олар ұйымдастырушылардан 250 000 теңге иеленді. Екінші орынды №44 команда (Алматыдан Ауезханов Жанас пен Нуридин Нұрман) жеңіп алып, 150 000 теңге алды. Ал үшінші орын мен 100 000 теңге Алматыдан Айдын Фатих Барыш пен Даурен Апастан құралған №66 командаға бұйырды. Серіктестердің арнайы сыйлығын пайдаланушы тәжірибесіне ерекше назар аударып, биоматериал алу шығындарын қоса есептеген медициналық рәсімдердің құнын ескеретін шешім ұсынған Мамандандырылған IT мектеп-лицей-интернатының оқушылары иеленді. Жанторе Ысқақ, Нэлли Потапова, Мирас Елемес және Айқын Аблаш Terricon Valley атынан 50 000 теңге және Nomad Insurance компаниясынан сыйлық алды.

Клиника-серіктестердің прайс-парақтары архивтерін автоматты түрде өңдеу және медициналық қызметтер мен олардың бағаларының бірыңғай базасын қалыптастыруға арналған кейсте бірінші орынды Ақтөбеден Алихан Багланов пен Керей Бердышевтен құралған №127 команда және Қарағандыдан Дмитрий Лаухин мен Олеся Лаухинадан құралған №107 команда өзара бөлісті. Әр команда 150 000 теңгеден алды. Екінші орынды және 100 000 теңгеден жүлдені Астанадан Амира Муратбек пен Райымбек Батырдан құралған №100 команда және Қарағандыдан Спиридон Храменков пен Марк Дипнерден құралған №110 команда иеленді.

Terricon Valley ұйымдастырған хакатон жас мамандардың цифрлық шешімдерді әзірлеуге деген жоғары қызығушылығын және олардың кәсіби құзыреттерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Өтетін күні: 26–28 маусым

Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологияларды басқармасы.

Оператор: IT-hub «Терриконовая долина»; «Терриконовая долина» ЖШС.