Баспасөз-релиздері

GrowthHack Accelerator-акселерациялық бағдарламаның жаңа легі

Терриконовая Долина тұрақты бизнес бағдарламасы - GrowthHack Accelerator-дың жаңа легін жариялайды. Бұл өз бизнесін дамытуға, табысты арттыруға және мүмкіндіктерді кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленген қарқынды оқыту бағдарламасының жетілдірілген нұсқасы.

Бағдарламаға қатысу барысында 8 апта бойы кәсіпкерлер:

- Табысты арттыру үшін бірегей стратегиялар мен тактикаларды алады.

- Қуатты маркетингтік кампанияларды құру және клиенттік базаны кеңейту дағдыларын игереді.

- Өз аудиториясының қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және енгізеді

- Минималды тәуекелдермен жаңа филиалдар мен сату нүктелерін ашудың сәтті стратегияларын зерттейді.

- Өз бизнесін масштабтау үшін құралдар мен ресурстарға қол жеткізеді.

GrowthHack Accelerator-бұл білім беру бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар ең мықты сарапшылармен тәжірибе алмасу, әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеу және бизнес қауымдастығын кеңейту платформасы болып табылады.

Сіз төмендегі сілтеме бойынша тіркеле аласыз https://terricon.kz/ru/accelerator

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 9 қазан - 8 желтоқсан
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.