Баспасөз-релиздері

QA Engineer ҚарТУ-да дәріс өткізеді

14 қазан күні Сагинов атындағы ҚарТУ-да QA-инженерлер мен әзірлеушілерге арналған дәріс өтеді. Дәріс тестілеудегі негізгі тақырыптардың бірі - Page Object Model шаблонын пайдалана отырып, Java тілінде автоматтандырылған тесттерді құруға арналады.

Спикер ретінде WOOPPAY компаниясының QA Engineer-і Ярослав Хомишин сөз сөйлейді. Ол авто-тестілеу жүйесін тек «есеп үшін» емес, команда жұмысына шын мәнінде пайда әкелетіндей етіп қалай дұрыс құру керектігі туралы айтып береді. Тәжірибеден алынған мысалдар арқылы Ярослав неліктен автоматтандыру тұрақты әзірлеудің негізі болып табылатындығын көрсетеді, сондай-ақ автотесттердің өнім сапасын сақтауға және CI/CD-процестер шеңберінде релиздерді жеделдетуге қалай көмектесетінін түсіндіреді.

Дәрістің жеке бөлігі тесттердің архитектурасына арналады. Қатысушылар Page Object Model ұғымымен танысып, оның көмегімен тесттерді қалай құрылымдауға және кодты оқуға жеңіл әрі кеңейтілетіндей етуге болатынын үйренеді. Сарапшы тест сценарийлерін ұйымдастырудың үздік тәжірибелерімен бөлісіп, кодтың қайталануын және god-objects-тің пайда болуын болдырмау тәсілдерін түсіндіреді. Сондай-ақ ол әртүрлі ортаға бейімдеп тесттерді дұрыс баптау жолдарын көрсетеді.

Дәріс жаңадан бастайтын және тәжірибелі QA-инженерлерге, IT мамандықтарының студенттеріне, сондай-ақ автотест жазу дағдысын дамытып, өз жобаларының сапасын арттырғысы келетін әзірлеушілерге пайдалы болады. Қатысу тегін, тіркелу https://terricon.kz/ru/it сілтемесі арқылы.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 14 қазан, 13:00

Өткізілетін орны: Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ, бас корпус, Назарбаев көшесі, 56

Форматы: офлайн/онлайн