Баспасөз-релиздері

Дәрісте Claude пен Asana сервистерінің үйлесімді жұмысы туралы айтылады

2026-06-29 10:53
2 шілдеде IT-hub Terricon Valley-де «Claude + Asana: мақсаттарды нәтижеге қалай айналдыруға болады?» тақырыбында дәріс өтеді. Дәріс заманауи мақсат қою тәсілдеріне және жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті қолдануға арналады. Спикер ретінде Q Core Center компаниясының CEO және founder-і Вильсур Гарифов сөз сөйлейді.

Кездесу барысында қатысушылар мақсат қою жүйесін қалай құруға болатынын, оларды дұрыс тұжырымдау мен жүзеге асыруда жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалануды, сондай-ақ Claude және Asana сервистерін қолданудың практикалық сценарийлерімен танысады. Дәріс теориялық тәсілдер мен қолданбалы құралдарды біріктіріп, жұмыс үдерістерін тиімді ұйымдастыруға, басым міндеттерге назарды сақтауға және жеке әрі командалық өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Іс-шара басшыларға, кәсіпкерлерге, жоба менеджерлеріне және міндеттерді тиімді басқаруға әрі күнделікті жұмыста жасанды интеллект құралдарын енгізуге ұмтылатын мамандарға қызықты болады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтеме арқылы: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Өтетін күні: 2 шілде, 18:30

Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн