Баспасөз-релиздері

Санжар Сулейменов өткізетін митапта Reactive Spring туралы айтып береді

Реактивті бағдарламалау тұжырымдамасы асинхронды жұмыс істейтін және бағдарламаның орындалу ағынын бұғаттамайтын қосымшаларды жасауға бағытталған. Реактивті бағдарламалау веб-әзірлеуде кеңінен қолданылады, бұл жерде бір мезгілде көптеген сұраныстарды өңдеуді және оларға жылдам жауап беруді қамтамасыз ету маңызды. Біз бұл тақырыпты 4 маусым күні өтетін митапта Parqour компаниясындағы Software engineer Санжар Сулейменовпен бірге талдаймыз.

Спикер реактивті бағдарламалау принциптерін және оның артықшылықтарын түсінуді талдайды. Тұжырымдама шешетін мәселелер, Spring Reactive құралдарын және күнделікті тапсырмалар үшін Reactive тәсілді практикалық қолдану да зерттеледі. Митап соңында "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді, ол жерде қатысушылар сұрақтарын қойып, сарапшыдан кеңес пен ұсыныс сұрай алады.

Митап backend-әзірлеушілерге, IT-мамандықтарында оқып жүрген студенттерге пайдалы болады. Митап тегін өткізіледі, офлайн немесе онлайн қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4 маусым, 16:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.