Баспасөз-релиздері

IT-қауіпсіздігінің менеджері сізге сыртқы аудиттен қалай өту керектігін айтып береді

Ақпараттық қауіпсіздік аудиті - бұл әлеуетті қауіптер мен әлсіз жерлерді анықтауға көмектесетін IT-инфрақұрылымның ағымдағы жағдайын тексеру. 19 мамыр күні IT-хабта "АрселорМиттал Теміртау" ІТ қауіпсіздігі жөніндегі менеджері Александра Дворкина барлық сыртқы аудиторлық тексерулердің қалай өтіп жатқанын айтып береді.

Аудитке дайындалу үшін инфрақұрылымның жұмысын реттеп және оның жұмысының әрбір кезеңін талдау қажет. Атап айтқанда: аппараттық және бағдарламалық бөліктердің осалдығы, байланыс және коммуникация арналарын рұқсатсыз пайдалану және олардың тұрақтылығы, кибершабуылға қауіпсіздік жүйесінің жедел әрекет етуі, компания қызметкерлері мен контрагенттер арқылы ұйымның инфрақұрылымына кіру мүмкіндігі. Александра сізге дайындық кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін, аудитор қандай талаптар қоятынын және артық күйзеліссіз сәйкестік дәрежесі туралы қорытындыны қалай алуға болатындығын айтады. Сондай-ақ спикер тексеруден өту тәжірибесін мысалға келтіріп, ұсыныстарымен бөліседі.

IT-мамандарға, бағдарламашыларға, стартаперлерге, бизнес иелеріне, IT-мамандықтарында оқитын студенттеріне пайдалы болады.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/it  

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 19 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС