Баспасөз-релиздері

IT-хабта жаңадан бастаушыларға арналған SEO-жылжыту бойынша дәріс өтті

SEO-бұл компанияның веб-сайтына мақсатты трафикті тартуға мүмкіндік беретін жарнамалық арна. www.gobuy.kz маркетплейсінің негізін қалаушы Айдар Жетписбаев жылжытудың қалай жұмыс істейтіні және кімге сай келетіні туралы айтып берді.

"Адамдар өз өнімдерін ұсыну керек деп айтқан жағдайда ең алдымен Instagram туралы ойлайды, мен осындай мәселеге тап болдым. Бұл жағдайда екі нұсқа бар - парақша арқылы қарапайым жылжыту немесе мақсатты орнату. Ал іздеу жүйелері бар екенін ешкім ойламайды", - деп түсіндірді спикер.

Айдар аудиторияға SEO деген не екенін айтып, органикалық іздеу нәтижесінің беттеріндегі веб-беттің позициясы неғұрлым жоғары болса, басқаларға да көрінетін болады деп түсіндірді. Іздеу жүйелерінің механизмдеріне алгоритмдер, кроулинг, индекстеу және рейтинг кіреді. Сарапшы дамыған іздеу жүйелерінде (Google, Яндекс және т.б.) көптеген іздеу механизмдері бар екенін атап өтті. Мысалы, олар кілттік сөздерді іздеуді шектейді және спам бермейді. Бұл пайдаланушыға ең маңызды беттерді табуға мүмкіндік береді.

SEO-ны жылжыту жолындағы алғашқы қадам ол кілттік сөздерді зерттеу: іздеу және талдау. Екінші қадам-сайт құрылымын ұйымдастыру қажеттілігі. Әрі қарай, кілттік сөздерді қолдана отырып мазмұн жасау керек және бетті оңтайландыру керек. Ішкі SEO-да жұмыс жасағаннан кейін сіз сыртқы сілтемелерді, іздеу жүйелеріне және әлеуметтік қызметке тіркелуді бастауыңыз керек. Айдар әр қадам туралы егжей-тегжейлі айтып берді және ол үшін қажетті құралдарды қарастырды. Митап соңында спикер қатысушылармен "сұрақ-жауап" сессиясын өткізді.

Митап жазбасын берілген сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=dKFIHCLPlzo

Қашан: 27 сәуір
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.