7 шілдеде «Клиенттер мен бизнеске арналған толыққанды ЖИ-шешімдерін қалай жасауға болады» тақырыбында дәріс өтеді. Дәрістің спикері - Rough Sea Labs компаниясының тең құрылтайшысы Илья Маноли. Ол компанияларда жасанды интеллектті практикалық тұрғыда қолдану және нақты өлшенетін бизнес нәтижесін беретін шешімдерді құру қағидаттары туралы айтып береді.
Дәріс барысында қатысушылар ЖИ–ді жеке құрал ретінде пайдаланудың неліктен айтарлықтай өзгерістерге сирек әкелетінін, компания деректерінің технология тиімділігіндегі рөлін және жасанды интеллектті бизнес-процестердің толыққанды элементіне қалай айналдыруға болатынын біледі. Сондай-ақ нақты жұмыс міндеттерін өз мойнына алып, қызметкерлерге түсетін жүктемені арттырмай-ақ компаниялардың тиімділігін арттыруға көмектесетін ЖИ-ассистенттердің дамуына ерекше назар аударылады. Спикер осындай шешімдерді құру тәсілдерімен бөлісіп, олардың бүгінде бизнеске қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы айтып береді.
Дәріс кәсіпкерлерге, басшыларға, әзірлеушілерге, цифрлық трансформация мамандарына және ЖИ-ді практикалық тұрғыда қолдануға қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы болады. Қатысу тегін, тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 7 шілде, 18:30
Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн