Стартаперлер өз тәжірибелерімен жаңадан бастаушылармен бөліседі
2024-06-14 15:30
Сіз өзіңіздің стартапыңызды кез-келген жаста, тіпті мектеп оқушысы бола тұра іске жібере аласыз. Мұны жолдардың жай - күйін мониторингілеу жөніндегі стартаптың негізін қалаушылары Нұрмұхамед Зибатқалиев пен Бахыт Момунов дәлелдейді. 19 маусым күні олар ІТ-хабта дәріс өткізіп, өз жолдары туралы айтып береді.
Дәріс бағдарламасында JolQal.ai стартап мысалында Computer Vision технологиясын талдау қарастырылған, оның артықшылықтары мен қиындықтары. Сондай-ақ, спикерлер жобаны іске қосу тәжірибесі туралы: сын-қатерлер, қиындықтар және қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып береді. Сөз соңында Бахыт пен Нұрмұхамед жаңадан бастаушы стартаптарға ұсыныстар беріп, аудиторияның сұрақтарына жауап береді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.