Саран колледжінде тегін өткізілген АІ бойынша курс аяқталды
2025-03-31 10:24
2024 жылдың 3-28 наурыз аралығында Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде жасанды интеллектпен жұмыс істеу бойынша білім беру курсы өтті, ол студенттерді, жас мамандарды және AI-технологияларына қызығушылық танытқандардың барлығын біріктірді. Курс Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен BPO-қауымдастықты қолдау мақсатымен ұйымдастырылды.
Курс спикері - Q Core Center компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы Вильсур Гарифов болды. Бағдарлама аясында қатысушылар AI көмегімен контент құру, 3D-графика, анимация, дизайн, лендинг және бейнематериалдар жасау туралы практикалық білім алды. Сондай-ақ, AI-технологияларды монетизациялау, фриланста - қызметті жүргізу және стартаптарды құру мәселелері қаралды.
AI-ді сторителлингте, келіссөздерді талдауда және коучингте қолдануға, чатботтар мен AI-өнімдерін әзірлеуге ерекше назар аударылды. Курс екі форматта өтті: офлайн форматта - студенттерге, онлайн форматты - барлық ниет білдірушілерге
Курс қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллектпен жұмысты игеріп қана қоймай, өз жобаларын іске асыру үшін практикалық дағдыларға ие болды. Олардың көпшілігі AI-өнімдерін әзірлеп, бизнес пен фриланстың жаңа шешімдерін сынай бастады.
Қашан: 3-28 наурыз, 12:30
Өткізілетін орны: Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Саран қ., Ленин даңғ., 14