Баспасөз-релиздері

1С-те әзірлеу: IT-ге жаңадан келгендерге арналған тегін курс басталады

2025-01-06 08:35
IT-де нөлден қалай бастау керек - бұл қазіргі заманның ең сұранысқа ие саласында мамандықты игеруді қалайтын көптеген жаңадан бастаушы мамандардың басты сұрағы осылайша естіледі. Қарағанды қаласында өзекті бағыттардың бірі 1С-те әзірлеу бойынша тегін курс өтеді. Оқыту студенттерге, жаңадан бастаушы бағдарламашыларға, свитчерлерге және осы салада мансапты бастағысы келетіндердің барлағына арналған.

Оқытуды Қарағандылық “Терриконовая долина” стартап-экожүйесі ұйымдастыруда. Олар ІТ, бизнес және маркетинг бағыттары бойынша тұрақты түрде тегін дәрістер мен курстар өткізеді, осылайша жергілікті мамандар жаңа дағдыларды дамытуға және игеруге көбірек мүмкіндік алады.

Неліктен 1С

1С жүйесі әртүрлі салалардағы мыңдаған компанияларға бизнес-процестерді автоматтандырудың негізі болып табылады. Осы платформада шешімдерді әзірлеуге және баптауға қабілетті мамандарға сұраныс тұрақты түрде жоғары болып қала береді. Сонымен қатар осы мамандыққа кіру шегі салыстырмалы түрде төмен: жаңадан бастауға бағдарламалау туралы терең білім қажет емес.

“Біз курсты мүмкіндігінше тәжірибелік жасадық, сондықтан курс қатысушылары алған білімдерін шынайы өмірде бар жобаларда бірден қолдана алады”, - деп “Терриконовая долина” event-бөлімінің басшысы Ангелина Саратовкина мәлімдеді. - Бұл жай ғана оқыту емес, сұранысқа ие салалардың бірінде жұмыс табудың нақты мүмкіндігі”.

1С компаниясының тәжірибелі әзірлеушісі және ресми серіктесі Анастасия Чернявская курс қатысушыларының спикері және тәлімгері болады. 15 күндік оқыту барысында ол өз тәжірибесімен бөліседі, 1С-та тиімді әзірлеудің құпияларын ашады және күрделі техникалық аспектілерді түсінуге көмектеседі. Анастасия платформаның негізгі дағдыларын үйретіп қана қоймай, бизнес-процестерді автоматтандырудың оңтайлы шешімдерін қалай табуға болатындығын көрсетеді.

“Мен курстың әрбір қатысушысы өз қабілеттеріне деген сенімділікті сезініп, алған білімдерін болашақ жұмысына қалай қолдану керектігін түсінгенін қалаймын”, - дейді Анастасия.

Курс бағдарламасы

Ұйымдастырушылар тек теориялық негізді үйретіп қана қоймай, курс тақырыбын толықтай түсінуге жағдай жасайтынын және толыққанды тәжірибелік оқыту болатындығына уәде береді. Спикердің басшылығымен қатысушылар:

- 1С: Предприятие платформасы қалай жұмыс істейтінін біледі және түсінеді
- функцияларды, процедураларды құруды және бизнес міндеттерді автоматтандыруды үйренеді
- анықтамалықтарды, регистрлерді басқаруды және аналитика үшін икемді сұрауларды қалай жасау керектігін түсінеді
- деректерді құру жүйесін қолдана отырып, қолдың көмегімен жасауға қалыптасқан күнделікті есептерді қалай жасауды
- 1С-та ыңғайлы және кәсіби құжаттар жасау

Сонымен қатар бағдарламада жеке жобалар бойынша тәжірибелік жұмыс және қорытынды қорғау қарастырылған.

Курс жұмыс күндері 10-30 қаңтар аралығында тегін өтеді. Курсқа тіркелу дәл қазір ашық және https://share.kz/g9bV сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Қашан: 10-30 қаңтар
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.