Баспасөз-релиздері

Яндекстегі жарнама: кәсіпкерлерге жарнаманың тиімді әдістері туралы айтылды

Сіздің өніміңізге көбірек назар аударып, сол арқылы сатылымды қалай арттыруға болады? Сондай құралдардың бірі - Яндекстегі жарнама. 24 қыркүйек күні IT-хабта "Яндекстің жарнамалық технологиялары мен бизнесті дамыту" тақырыбында дәріс өтті, ол жерде Яндекс Қазақстан аудиториясы мен науқан түрлері туралы айтылды.

Шақырылған спикер ретінде Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджер Алибек Халитов болды.

"Бизнес иелерінің жарнамамен айналысуға көп уақыты жоқ. Олар қызметкерлерді жалдаумен, сатып алумен, бизнес-процестерді құрумен айналысады. Ал Яндекстің жарнамалық технологияларының арқасында кәсіпкерлер өздерінің жарнамалық арналарын оңай әрі тиімді дамыта алады", - деді Алибек.

Қазақстандағы Яндекс аудиториясы интернет-пайдаланушылар санының 87,5%-ын құрайды және бұл 14 миллион адамға тең. Алибектің айтуынша, әрбір кәсіпкер өз аудиториясын Яндекс пайдаланушылары арасынан таба алады. Спикер сондай-ақ Яндекстің жарнамалық блоктары бар және жарнама берушілер өздерінің мақсатты аудиториясымен байланыса алатын сайттар тізімімен бөлісті. Мысалы, риэлторлар өз жарнамаларын Крыша.кз сайтында көрсете алады және т.б. 

Алибек Қазақстан аудиториясының портретін келтірді, оған сәйкес ерлер мен әйелдердің саны тең, ал пайдаланушылардың 81%-ы 35 жасқа дейін. Содан кейін медиа жарнама, перфоманс, ретаргетинг сияқты құралдарды қарап шығып, оларды Яндекс құралдарының көмегімен қалай сауатты пайдалану керектігін айтып берді.

Алибек жеке блок ретінде Яндекс Директ науқан шеберін таныстырды, ол жерде баптау бойынша дайын шешімдер, ең аз экрандар мен шертулер, тиімді жарнама және әртүрлі бюджетпен кіру мүмкіндігі бар екендігін көрсетті. Спикер Директте жарнаманы қалай баптау керектігін айтып, мысал арқылы жарнаманың кезең-кезеңмен іске қосылуын көрсетті.

Дәріс жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=iAcIc5sUy7o сілтемесі бойынша көруге кол жетімді.

Қашан: 24 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".