Баспасөз-релиздері

Қарағандыда ойын әзірлеушілері мен дизайнерлеріне арналған хакатон өтті

Қарағанды қаласында Қазақстанның түрлі қалаларынан келген талантты әзірлеушілер, дизайнерлер мен сценаристерді біріктірген GameDev Хакатоны аяқталды. Екі тәулік бойы қатысушылар екі негізгі кейс - ұсынылған ойынға арналған Event Challenge құру және кейіпкер мен орналасу жерінің дизайнын әзірлеу бойынша жұмыс істеді. Байқау атмосферасы, түнгі брейнштормдар мен сарапшылардың кеңестері командаларға өз идеяларын толыққанды ойын концепцияларына айналдыруға мүмкіндік берді.

Хакатон қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Кейіпкер мен орналасу жерінің дизайны бойынша кейсте бірінші орынды Саран қаласынан келген Виктор Хитров пен Владислав Алдошин құрамындағы 29 команда иеленді. Жеңімпаздар 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Ал екінші орынды және 200 000 теңгелік ақшалай жүлдені Семей қаласынан келген Виталий Баймуратов пен Назар Тореханов құрамындағы 20 команда жеңіп алды.

Ұсынылған ойынға арналған Event Challenge құру кейсі бойынша қарағандылықтар - 25 команда құрамында Виктория Колегова, Елдар Усенов, Полина Горбач и Владислав Бондарев жеңіске жетті. Олар өз жобалары үшін 300 000 теңге көлеміндегі жүлдені иеленді. Екінші орын мен 200 000 теңгелік сыйақыны Қарағандыдан келген 16 команда - Николай Глухов, Камиль Абдуллин және Андрей Авдощенко жеңіп алды.

Көрермендердің ықыласына бөленген командалар да арнайы марапаттарға ие болды. Астанадан келген 35 команда - Александр Кофанов пен Алина Бондаренко көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алып, 100 000 теңге иеленді. Ал Қарағандыдан келген 37 команда - Нурсултан Ғалымұлы, Айбек Әбдіжапбар, Шадияр Еркебек, Максат Исрайлов, Бақыт Уәли, Болат Ақназар, Ақбота Русланқызы және Аманжол Фатиха тағы бір көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болып, 50 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Ұйымдастырушылар қатысушылар ұсынған жобалардың жоғары деңгейін атап өтіп, бұл хакатон көптеген қатысушылар үшін жай ғана байқау емес, нағыз кәсіби өсу үшін ерекше алаңға айналғандығын айтты. Қатысушылар жүлделерді ғана алып қоймай, сонымен қатар жаңа таныстарға ие болып, командамен жұмыс істеу тәжірибесін және GameDev индустриясындағы болашақ жобаларға шабыт алды.

Қашан: 26-28 қыркүйек

Орны: «Терриконовая долина» IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.