"Қызметкердің бейілділігі, оның ішінде еңбек қатынастары тараптары арасындағы сөзсіз құрметтеуді, бір-бірінің кәсіби сіңірген еңбегі мен адами қасиеттерін тануды айқындайды. Компанияның бейілді қызметкері әрбір қателікті өзінің жеке жеңілісі деп бағалайды", - деді спикер.
Оның айтуынша, қызметкердің адалдығын бірнеше факторлар бойынша анықтауға болады: нормаларды сақтау және ұйымның құндылықтарын ұстану, жұмысқа қатысу және компанияны жақсы жұмыс орны ретінде ұсынуға дайын болу. Вадим бейілділік еңбекке шарттарына қанағаттанудың тікелей салдары екеніне сенімді.
Спикер ұйымның құрылымдық схемасы мен лауазым құрылымы туралы, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі немен өлшенетінін және лауазымды тұлғаның портреті неден тұратынын түсіндірді. Сондай-ақ митапта кәсіпорынның даму векторлары тақырыбы талқыланды, оның ішінде клиентке бағытталған, статистикалық, инновациялық және әскерилендірілген. Соңында Вадим қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Митап жазылымын біздің youtube арнамыздан көруге қол жетімді: https://www.youtube.com/watch?v=mO27kW_n7_o
Қашан: 19 шілде
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Операторы: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.