Үлкен бастапқы капиталсыз бизнесті бастау мүмкін бе? Ия, егер сіз шығындарды қайдан азайтуды білсеңіз. Бұл туралы 23 тамызда өткізілген дәрісте SNRG LTD Founder-і Александр Пономарев айтып берді.
Спикер өз сөзінде қаржы ресурстарын үнемдеудің маңыздылығын атап өтіп, бастапқыда жұмсалған жоғары салымдардың тәуекелдері, үнемді бастаудың артықшылықтары және жылдам масштабталу мүмкіндіктері сияқты мәселелерді атап өтті. Шығындарды азайту үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және стратегиялық серіктестікті пайдалануға болады. Сонымен қатар, Александр жеке брендтің не үшін қажет екенін айтып, кәсіпкерлер үшін пайдалы болатые мақалалармен бөлісті.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.