Бұл кезеңде Tilda платформасының артықшылықтары, оның функциялары, сондай-ақ әзірлеу кезінде қажет қызметтер мен көздер қарастырылады. Максат нәтижелі және орташа сайттардың мысалдарын ұсынады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды, сондай-ақ осы салада әрі қарай даму үшін қандай бағытта жүру керектігін айтады.
Соңында "сұрақ-жауап" сессиясы және аудитория арасында кітаптың ұтыс ойыны өтеді.
Митап маркетологтарға, дизайнерлерге, SMM-менеджерлеріне, фрилансерлерге, бизнес иелеріне, стартаперлерге және Tilda-да жұмыс істеуді үйренгісі келетіндердің барлығына пайдалы болады. https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 22 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС