Баспасөз-релиздері

Фронтенд әзірлеуші React-қосымшалардың архитектурасын талдайды

22 тамыз күні IT-хабта жетекші фронтенд әзірлеуші Илья Дёминнің React-қосымшалар архитектурасы мен Effector кітапханасымен жұмыс істеуге арналған дәрісі өтеді. Бұл іс-шара таза, қолдауға оңай және кеңейтілетін код жазуға ұмтылатын фронтенд мамандар үшін құнды оқиға болмақ.

React әзірлеушілердің басты құралдарының бірі болып келе жатқанына қарамастан, көпшілігі мынадай мәселелерге тап болады: жобаның құрылымын қалай сақтау керек? Күрделі бизнес-логика мен шексіз күй-мәндерді қалай басқаруға болады? Effector мәліметтер мен архитектураны басқарудың жаңа тәсілін ұсынып отыр, және спикер осы туралы кеңінен баяндайды.

Илья Дёмин бизнес-логиканы компоненттерден тыс ұйымдастырудың практикалық жолдарымен бөлісіп, жобаның кодтық құрылымы ретсіздікке айналмас үшін домендер мен модельдерді дұрыс құруды түсіндіреді. Сондай-ақ Effector құралдарына жеке тоқталып, олар дайын шешімдерді қайта пайдалану арқылы артық рутинаны азайтып, өнімге бағытталған жұмысқа көңіл бөлуге қалай көмектесетінін көрсетеді.

Дәріс барысында қатысушылар Effector-дің Redux, Zustand немесе Context API сияқты танымал тәсілдермен салыстырғандағы артықшылықтарын нақты мысалдар арқылы көре алады және React экожүйесімен жұмыс барысында жиі туындайтын сұрақтарға жауап алады.

Іс-шараға қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 22 тамыз, 19:00

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн