Спикер өз сөзін көз көретін кілттік қимылдарды талдаудан бастады. Оның айтуынша, адамның бет-әлпеті 6 сегментке бөлінеді, олардың әрқайсысы әңгімелесушіге бір нәрсе айтып тұрады. Ол митапта отырған бір қатысушысынан осы әдісті нақты көрсету үшін алдыға шығуды сұрады. Аскар қатысушы қызға сұрақ қойып, аудиторияның назарын оның реакциясына аударды, өйткені қимылдары мен бет-әлпеттері көп нәрсені айта алады.
Талдаудың келесі тақырыбы - вербальды емес кілттер. Сарапшы адамдардың суреттерімен мысалдар келтіріп, аудиториядан олардың қимылдары мен қолдарының жағдайы туралы не ойлайтындарын сұрады. Ол адамның позасы да көп нәрсені айта алатындығын түсіндірді: мысалы, айқасқан қолдар - қорғаныс туралы, үшбұрышпен қойылған қолдар - әңгімелесушіде жасырын жоспар бар екендігі туралы айтады. Сондай-ақ адамның киім-кешегін, кеңсесін, қалпын еркін тексеру бойынша талдау қаралды.
"Кез-келген қарым-қатынаста екі тармақ маңызды, олар сұрақ қоя білу және эмоцияларыңызды бақылау. Жапонияда бір ерекшелік бар, ол келіссөздерде "жоқ" деп айту әдеттегі нәрсе емес", - деді Асқар. Ол қатысушыларға әртүрлі сұрақтарға жауап ретінде "жоқ" деп айтпай-ақ, оған бірдеңе сатуға тырысатын шағын ойын ұсынды.
Интерактивтен кейін спикер сәтті сатылымдарда қолданылатын эмоционалды тұтқыш жолдарын көрсетті - бағалауды, құзыреттілікті және негізгі мәлімдемені қолдануға болатындығын қорытындылады және оның қалай жұмыс істейтіні туралы мысалдар келтіріп кетті.
Сондай-ақ Аскар аргументация және апелляция арқылы коммуникация, қажеттіліктерді жасау техникасы туралы айтып, оларды сатуда қалай қолдану керектігін түсіндірді.
Дәрістің жазбасын берілген сілтеме арқылы өтіп көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=TYRG7nqfnZY
Қашан: 26 мамыр
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.