Баспасөз-релиздері

IT-хабта бизнестегі бухгалтерлік және салықтық есептің рөлі туралы митап өтті

Бухгалтерлік құжаттарды қалай дұрыс ұйымдастыруға, келісімшарттар жасауға және іс-қағаздарын жүргізуге болады? Бұл туралы  "СТАНДАРТАУДИТ" ЖШС кәсіби бухгалтерлік компаниясының директоры Ольга Пак егжей-тегжейлі митапта айтып берді. Ол негізгі ұғымдарды, сондай-ақ істерді аутсорсингтік компанияға берудің артықшылықтарын талдады.

Спикердің айтуынша, өз ісін аша отырып, кәсіпкер Конституцияны, Азаматтық кодексті, Еңбек кодексін және т.б. зерделеуге тиіс. Сондықтан бухгалтерлік есепті маманға немесе компанияға аутсорсингке тапсырған дұрыс, өйткені бизнес иесі басқа маңызды бизнес-процестерге уақыт бөледі.

Ольга кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарын қарастырып, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қайсысын шағын кәсіпкерлік субъектісі деп тануға болмайтынын айтты. Сондай-ақ спикер бухгалтерлік есеп пен салық есебін не қамтитынын, компанияда қандай рөл атқаратынын және бизнеске не қажет екенін түсіндірді.

Митаптың соңында Ольга бухгалтерлік компанияның штат қызметкерлерімен салыстырғанда артықшылықтарын талдап, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=7BYgmYMlus4 сілтемесі бойынша көруге қолжетімді. 

Қашан: 28 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".