Баспасөз-релиздері

Баглан Ахаев өз пайдаланушыларын қалай есту керектігі туралы митап өткізілді

Өз бизнесіңізді қалай жақсартуға болады? Balaland-дағы Product manager Баглан Ахаев табысқа жетудің және сұраныстың басты кілті өз клиенттерін түсіну және есту мүмкіндігі деп санайды. 23 наурызда ол ІТ-хабта митап өткізді, ол жерде пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау және бизнестің жаңа деңгейге шығу жолдары туралы айтты.

Баглан өз зерттеулері барысында бизнестің сәтсіздігінің негізгі себептері: өз клиентін білмеу, data-driven тәсілін басқарудың болмауы, басқаруда тұрақты менеджменттің болмауы, бәсекелестер туралы хабардар болмау деген қорытындыға келгенін атап өтті. Спикер митап қатысушыларына өздерінің мақсатты аудиториясын қаншалықты жақсы білетіндігі туралы ой жүгіртуді және берілген бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынды. Багланның айтуынша, бұл сұрақтарға жауаптар кәсіпкерге жаңа сату арналарын табуға, көрсетілетін қызметтердің ауқымын арттыруға, клиенттің бізді неге бағаламайтынын түсінуге және т.б. мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сарапшы сәтті және сәтсіз проблемалық сұхбаттың мысалдарын келтіріп, жіберілген қателіктерді талдады. Баглан пайдаланушылардың жол картасын, құндылық ұсынысының канвасын, прототипін және метрикалық ағашты не үшін және қалай пайдалану керектігі туралы айтты. Сандарға негізделген бизнесті басқаруды бағалау, бәсекелестерді бағалау және командадағы басқаруды бағалау үшін спикер қатысушылармен өзін-өзі талдау үшін тексеру парақтарымен бөлісті.

Сөз соңында Баглан ұйымдастырушылардан сыйлық алған ең белсенді қатысушыны таңдады.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=RjFfZKbjyi4 сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 23 наурыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.