Баспасөз-релиздері

Қазіргі заманғы технологиялардың физикалық негіздері туралы митап

Заманауи технологиялар әлеміне тереңірек шолу жасап, олардың физикалық негіздерін түсінгіңіз келе ме? Біз сізді жартылай өткізгіш құрылғылардың құпияларын және олардың күнделікті өмірімізге әсерін ашатын қызықты іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Бұл митап білім алу және даму алаңына айналады және осы іс-шараның жетекші сарапшысы физика және нанотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тимур Сериков болады. Ол сізге жартылай өткізгіш құрылғылардың қызықты әлемін ұсынады және біз күнделікті қолданатын техниканың қалай жұмыс істейтінін және оның электр қуатымен байланысы туралы сұрақтарына жауап береді. Митапта жартылай өткізгіш құрылғылардың негізгі түрлері, олардың жұмыс принциптері, сондай-ақ, қарапайым және күрделі интегралды схемалардың тарихы, құрылысы және жұмыс принципі қарастырылады.
Бұл ашық іс-шараға осы қызықты тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығын, соның ішінде студенттер мен әзірлеушілерді шақырады. Ең жақсысы - митапқа қатысу мүлдем тегін және сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз.
Митапқа тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/kz/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 25 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.