Баспасөз-релиздері

Дәрісте нейрожелілердің қателіктері талданады

26 қаңтар 2025 жылы "Терриконовая долина" ІТ-хабында "Нейрожелілердің қателіктері: қалай анықтап, жоюға болады?" тақырыбында дәріс өтеді. Спикер - жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы сарапшы, американдық IPnote компаниясының бас ғылыми қызметкері Иван Кононов болады.

Дәріс сенімді AI-шешімдерін әзірлеудің негізгі мәселелеріне арналады. Қатысушылар деректердегі немесе модельдік архитектурадағы кемшіліктер сияқты нейрожелілердің қателіктердің себептерін біледі, осы қателіктердің салдарының нақты мысалдарын қарастырады, сонымен қатар олардың алдын алудың практикалық әдістерімен танысады. Қауіпсіз және тиімді нейрожелілерді құрудағы әзірлеушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.

Іс-шара әзірлеушілерге, кәсіпкерлерге, студенттерге және өз жұмысында нейрожелілерді қолданатындардың барлығына ашық. Қатысу тегін, төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет: https://terricon.kz/ru/it

Қашан: 26 қаңтар, 15:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.