Баспасөз-релиздері

Студенттерге IT саласындағы мансапты қалай бастауға болатынын айтып береді

2025-09-22 16:04
26 қыркүйек күні Қарағанды банк колледжінде Software engineer freelancer Яков Алгаевпен кездесу өтеді. Дәріс еркін форматта – ресми презентацияларсыз, өмірден алынған тәжірибелік мысалдар мен студенттердің сұрақтарына ашық жауап түрінде өтеді.

Кездесудің басты мақсаты – IT саласында мансапты мектептегі информатика бойынша терең білімі болмаса да бастауға болатынын көрсету. Яков өз жолымен бөлісіп, алғашқы бағдарламалау қадамдары, pet-жобаларды іске қосу, сұхбаттасудан өту және командамен жұмыс істеу тәжірибесі туралы әңгімелейді. Тыңдаушылар жас мамандардың алдынан шығатын қиындықтар мен жетістіктер туралы шынайы әңгімелер естиді.

Кездесу шағын алгоритмдік ойыннан басталып, кейін ашық диалогқа ұласады - бұл жерде әрбір “неге?” сұрағы нақты мысал мен өмірлік тәжірибеге негізделген жауапқа айналады. Соңында қатысушылар мамандық жолын табуға көмектесетін пайдалы ресурстар тізімін алады.

Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 26 қыркүйек, 19:00

Өткізілетін орны: Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі, С. Мұқанов көшесі, 3

Форматы: офлайн – студенттерге, онлайн – қалаған адамдардың барлығына.