25 қыркүйекте фронтенд-әзірлеушілер жұмысының маңызды бағыттарының бірі - React-компоненттерін тестілеуге арналған онлайн-дәріс өтеді. Тыңдаушылар тиімді тестілеу стратегиясын қалай құруға болатынын және кодты бақылау мен шамадан тыс тексерудің арасындағы шекараны қалай ажыратуға болатынын үйренеді.
Спикер – Андрей Дорошев, Motorway-де Senior Frontend Engineer. Ол әзірлеушілерге өнім сапасын арттыруға және уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға көмектесетін практикалық тәсілдер мен құралдармен бөліседі. Дәріс барысында қатысушылар React-та қолданылатын тест түрлерімен танысып, тексеруді қажет ететін код аймақтарын анықтауды және нақты міндеттерге сәйкес кітапханалар мен құралдарды дұрыс таңдауды үйренеді. Сондай-ақ дәрісте Code Coverage ұғымының маңызы мен оны нақты жобаларда қолдану жолдары қарастырылады.
Оқыту ағылшын тілінде өтеді - бұл халықаралық командаларда жұмыс істейтін немесе жаһандық нарыққа шығуды көздейтін мамандар үшін қосымша артықшылық болмақ.
Дәріс React-пен жұмыс істейтін әзірлеушілерге, фронтенд-инженерлерге және тимлидтерге пайдалы болады. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 25 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн