Баспасөз-релиздері

IT-хабта SEO-жылжыту туралы дәріс өтеді

SEO-жылжыту сайтқа іздеу жүйелерінде көрінуге және мақсатты трафикті тартуға мүмкіндік береді. 27 сәуірде ІТ-хабта www.gobuy.kz маркетплейстің негізін қалаушы Айдар Жетписбаев сөз сөйлейді, ол іздеу жүйесін оңтайландыру үшін қалай баптау керектігін айтып береді.

SEO жұмыстарына нарықты зерттеу, семантикалық өзекті таңдау, мақсатты парақшаларды анықтау, техникалық аудит, ресурс беттерін оңтайландыру, бақылау және қолдау кіреді. Дәрісте спикер орнатудың әр сатысын кезең-кезеңімен талдап, өз ұсыныстарын береді.

Сондай-ақ, қатысушыларға іздеу роботтары қалай жұмыс істейтіні, кілттік сөздерді, тақырыптарды, мета тегтерді қалай зерттеу керектігі және ұялы телефонға, тік және басқа түрлерін үшін іздеуді қалай оңтайландыру керектігі айтылады. Айдар нәтижені қалай қадағалап, табысты бағалап, іздеу жүйелерінің болашағы туралы өзінің ойларымен бөліседі.

Оқыту бизнес иелеріне, маркетологтарға, интернет-маркетологтарға және жаңа мамандыққа қызығушылық танытқандардың барлығына пайдалы болады.

Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 сәуір
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.