Баспасөз-релиздері

Мамыр айының Неконференциясы басталады!

Неконференция - бұл IT және Digital саласы үшін маңызды оқиғалардың бірі, бұл жерде мамандар шақырылған спикерлердің дәрістеріне қатысып, әріптестерімен таныса алады және байланыс орната алады, басқалардың тәжірибесінен үйреніп, жаңа дағдыларды дамыта алады. Іс-шара 27 мамырда "Терриконовая Долина" IT-хабында өтеді.

Ұйымдастырушылар қызықты дәрістерді дайындап қойды:

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының маманы Олжас Сатиев Қазақстанның практикалық киберқауіпсіздігі туралы айтып береді. Оның ішінде хакерлер деген кімдер, жеке тасымалдағыштарды бұзудан қалай қорғауға болады, сонымен қатар тақырып бойынша бірнеше практикалық кейстерді талдайды.

"Wooppay" компаниясынан Артем Нармагамбетов "Тиімді кездесулердің иесі болу" тақырыбын ұсынып, фасилитатордың құралдарымен және командамен жемісті кездесулер өткізуге көмектесетін жеке лайфхактармен бөліседі.

Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров "Әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа тренд ретінде" тақрыбында дәріс өткізеді, ол жерде негізгі құралдарды егжей-тегжейлі түсіндіреді және мемлекеттен преференциялар туралы айтып береді.

Виталий Макридин - MBS-consult бизнес-шеберлік мектебінің негізін қалаушы - "Қаржы және капиталды тиімді басқару" презентациясын өткізеді. Спикер жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қалай таңдау керектігін, сондай-ақ инвестициялаудың мақсаттары мен модельдері қандай екенін түсіндіреді.

Соңында қатысушылар дәрістерді талқылауға, қарым-қатынас жасауға және тәжірибе алмасу үшін кофе-брейкке жиналады.

Неконференцияға тіркелу берілген сілтеме бойынша ашық:: https://terricon.kz/ru/neconf 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 мамыр, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.