20–22 маусым аралығында IT-хаб «Терриконовая долинада» HackCor Hackathon атты хакатон өтеді - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында цифрлық шешімдерді іздеуге бағытталған технологиялық марафон. Іс-шараға ұйымдастырушылар жас әзірлеушілерді, аналитиктерді, ақпараттық қауіпсіздік мамандарын және студенттерді қатысуға шақырады. Мақсаты - мемлекеттік деңгейде қолдануға болатын IT-шешімдердің прототипін жасап шығару. Хакатонның серіктесі - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
HackCor - бұл тек жылдамдық пен креативке арналған жарыс емес. Бұл - IT-мамандар үшін мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігіне нақты әсер ету мүмкіндігі. Қатысушылар антикоррупциялық саланың өзекті қажеттіліктеріне негізделген екі кейстің бірін таңдай алады: күмәнді мемлекеттік сатып алуларды анықтайтын жасанды интеллект жасау, compliance-мамандарға арналған цифрлық портал әзірлеу
Командаларға ыңғайлы, қауіпсіз және пайдалы функциялармен жабдықталған құрал жасап шығару тапсырылады. Ерекше назар - интерфейстің қолайлылығы, деректер қауіпсіздігі және шешімнің түпнұсқалығы. Әр кейс бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйақымен марапатталады: 1-орын - 300 000 теңге, 2-орын - 200 000 теңге. Бірақ басты жүлде - өз идеяларын мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру мүмкіндігі және сала мамандарының назарын аударту.
Хакатонға тегін қатысуға болады - офлайн немесе онлайн форматта. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/hackathon
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 20-22 маусым
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн