5 мамыр күні Қазтұтынуодағы ҚЭУ Экономика, бизнес және құқық колледжінде Radius компаниясының Backend Teamlead маманы Иван Луковтың дәрісі өтті. Іс-шара IT-ға қызығушылық танытатын студенттер мен жас мамандарды жинады. Дәріс гибридті форматта ұйымдастырылды: колледж студенттері үшін офлайн, ал кең аудитория үшін онлайн өтті.
Спикер өзінің кәсіби жолы туралы әңгімеледі - алғашқы код жолдарынан бастап әзірлеушілер командасын басқаруға дейін. Қатысушылар техникалық ойлау қалай дамитынын, оның пайдаланушылық көзқарастан несімен ерекшеленетінін және неге сапалы технологиялық өнім жасау үшін техникалық ойлау маңызды екенін білді. Иван жаңадан бастаушыларға неден бастау керек, қандай құралдар мен бағдарламалау тілдері алғашқы қадамдар үшін тиімді және ақпарат ағынында адасып қалмаудың жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Қатысушылар практикалық кеңестерге ерекше назар аударды: өз жобаңды қалай батыл бастауға болады, қолдауды және менторларды қайдан табуға болады және ең бастысы - үлкен тәжірибе болмаса да, қызығушылықты қалай сақтап, дамуды жалғастыруға болатыны жайлы пайдалы ақпарат алды.
Дәрістің видеожазбасын сілтеме арқылы көруге болады: https://share.kz/g7AT
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 5 мамыр, 12:30
Өткізілетін орны: Қазтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 7.
Форматы: офлайн - студенттерге, онлайн - барлық ниет білдірушілерге