Баспасөз-релиздері

Метағалам туралы митап IT-хабта өтеді

Метағалам - бұл адам VR, AR немесе кәдімгі компьютер арқылы кіретін және кейбір әрекеттерді орындай алатын кез келген виртуалды кеңістік. Қазіргі әлемде технология танымал болып қана қоймай, бизнесте де, дамуда да белсенді қолданылады. Біз бұл тақырыпты 4 наурызда "Метағалам, қалыптасу және ҚР-да қолдану. 10tech тәжірибесі" тақырыбында талдаймыз.

Іс-шараның шақырылған спикері "10tech" ЖШС бас директоры Бауыржан Шалабеков болады. Бауыржан өз сөзінде "10tech" компаниясының тәжірибесіне және оның метағаламды енгізу және қолдану жөніндегі жұмыс кейстеріне баса назар аударады. Оның ішінде қоғамдық іс шараларды өткізу үшін 10tech тен ForumVR платформасын талдайды.

Тақырып аясында спикер метағалам не екенін, олардың әлемде және Қазақстанда қалай қолданылатынын қарастырады. Сондай-ақ қатысушылар AR/VR/Metaverse нарығының қазіргі жағдайын және осы саланың даму тенденцияларын зерттейді.

Митап студенттерге, әзірлеушілерге және кәсіпкерлерге пайдалы болады. Сіз офлайн немесе онлайн форматында қатыса аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4 марта, 15:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12


Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС