IT-hub Terricon Valley-де Product Manager Ерболат Шыңғыс Нұржанұлының мақсатты аудиторияны іздеу және анықтау тақырыбына арналған дәрісі өтті. Кездесу өнім менеджменті мен цифрлық сервистерді дамытуға қызығушылық танытқан студенттер мен бастаушы мамандарды біріктірді.
Спикер «барлығына арналған өнім» жасау талпынысы көбіне нарықта әлсіз сұранысқа әкелетінін түсіндірді. Дәріс барысында қатысушылар өнім командалары өз пайдаланушысын қалай анықтайтынын, аудитория сегментін бөліп көрсетуге қандай әдістер көмектесетінін және пайдаланушы портреттері қалай қалыптасатынын талқылады. Сондай-ақ бұл құралдардың күнделікті жұмыста — функцияларды жоспарлау, идеяларды тестілеу және өнімдік шешімдер қабылдау кезінде қалай қолданылатынына ерекше назар аударылды.
Кездесудің негізгі бөлімінен кейін қатысушылар спикерге сұрақ қойып, өнімдерді әзірлеу және іске қосу барысындағы практикалық жағдайларды талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Қашан: 12 наурыз, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Формат: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.