Баспасөз-релиздері

Дамир Уали өнімдерге арналған Retention туралы митап өткізді

Customer Retention немесе тұтынушыларды ұстап қалу - бұл компанияның тұрақты сатып алушыларын белгілі бір уақыт кезеңіне: аптаға, айға, алты айға немесе жылға сақтау мүмкіндігі. 19 қараша күні IT-хабта митап өтті, ол жерде индикатордың өнімдер үшін маңыздылығы, оның пайдасы мен ерекшеліктері талданды.

Шақырылған спикер - өнім менеджері Дамир Уали болды. Ол Retention деген не екенін айтты: оның маңыздылығы, коэффициентті қалай есептеу керек және қандай уақыт аралығында екенін атап өтті. Спикер өз сөзінде Retention коэффициентін қалай арттыру керектігіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ол клиенттердің қайта оралмауының кейбір себептерін талдап, шешім жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ Дамир CR және оның ерекшеліктері қолданылатын салаларды қарастырды. Соңында ол бірнеше кейстерді талдап, сатылымның конверсиясын анықтау үшін бизнес иелері сұрыптай алатын сұрақтардың тізімін берді.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=SA9aQG3HAWo сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 19 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС