Баспасөз-релиздері

Біздің онлайн-курстарды құру бойынша оқытуда білгеніміз

4 маусым күні "Терриконовая Долина" IT-хабында онлайн-курстарды іске қосу және қосымша табыс көзін қалыптастыру бойынша екі күндік оқыту басталды. Шақырылған спикер Аблай Юсупов өз білімін қалай жинақтау, курстарды жылжыту және студенттермен жұмыс істеу туралы айтып берді.

Тақырыптын өзектілігі: "Мен не себептен білім саласын таңдадым? Біріншіден, бұл тауашада ұзақ мерзімділік бар: білім беруде неғұрлым көп жыл жұмыс жасасаңыз, соғұрлым сізге сенім артады. Екіншіден, бұл тұрақтылық, өйткені жыл сайын білімді қажет ететін жаңа адамдар дүниеге келеді. Үшіншіден, нарық; көптеген адамдар оқуға ақша жұмсайды", - деп түсіндірді спикер.

Аблайдың айтуынша, өз тәжірибесі мен білімінен ақша табудың бірнеше жолы бар: жазылған онлайн-курс, офлайн-курс, чек-парақтар мен гайдтар, білім беру орталығы, онлайн-оқыту (тікелей эфир), консалтинг, марафон, онлайн-платформа. Ол онлайн оқытудың офлайннан артықшылықтары туралы айтып, бірнеше мысалдар келтірді. Сондай-ақ ол онлайн курстардың мүмкіндіктері шектеулі емес екенін атап өтті, өйткені оларды әртүрлі тілдерге аударуға, әртүрлі сегменттер үшін қайта жинақтауға, масштабтауға көмектесетін бизнес серіктестерді табуға болады. Аблай курстың бірінші ағымы - бұл оқытушыға арналған тәжірибе екенін, яғни оны өте төмен бағамен немесе тіпті тегін сату керек екенін атап өтті.

Әрі қарай, сарапшы курсты құру тақырыбына ауысып, тақырыпты қалай ойлап табуға, бағдарламаны қалай құруға, мақсатты аудиторияны қалай анықтауға және олармен сұхбат жүргізуге болатындығын айтты. Аблай қатысушыларға жаттығу жасады: шамамен 10-20 сабаққа арналған жеке курс бағдарламасының мазмұнын құрастыру болды. Содан кейін олар талқылау жүргізіп, қателіктерді анықтады.

Сонымен қатар спикер оқытуда фишкаларды қалай ойлап табу керектігін, оларға не әсер ететінін, студенттерге не ұнайтынын және үй тапсырмаларын қалай жасау керектігін айтты.

Оқудың екінші күні онлайн-курстардың техникалық жағын зерделеуге және ілгерілетуге арналды. Аблай онлайн қалай оқыту керектігін айтты: презентацияларды қалай өткізу, интерактивтер өткізу, сабақтарды блоктарға бөлу, жіберілімдер үшін материалдар дайындау және т.б. Сондай-ақ спикер қызықты сабақтар жасау және студенттерді тарту үшін оқытушыларға пайдалы болатын пайдалы құралдармен бөлісті.

Оқуға арналған келесі блок курстың тәуелсіз жазбасы болды. Аблай жұмыс істеу алгоритмін қалай құру, форматты таңдау, спикерлер үшін мәтін дайындау, сценарий жазу, түсірілім мен монтаж жүргізу туралы ойымен бөлісіп, Upgrade Yourself үшін марафонды жазудың жеке мысалы туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, спикер өз курстарын қалай жылжыту керектігін және әртүрлі платформаларда жылжытудың айырмашылығы неде екенін айтты. Ол блогерлер мен әлеуметтік желілердегі байқауларға арналған ұсыныстардың мысалдарымен бөлісті, сонымен қатар қандай жарнамалық креативтер жазылушыларды қызықтыратынын көрсетті. Соңында Аблай өнімнің кемшіліктерін анықтауға және қателерді жоюға көмектесу үшін брейнштормды командамен қалай өткізу керектігін түсіндірді.

Біздің барлық оқыту іс-шараларымыздың анонстарын @terriconvalley инстаграм парақшасынан табуға болады

Қашан: 4-5 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.