Тау-кен металлургия кәсіпорындары 320 миллион теңгеге дейін грант ұтып алу мүмкіндігіне ие бола алады
2022-12-21 10:22
Mining day - бұл 26 желтоқсан күні Қарағандыда өтетін тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары үшін ірі технологиялық марафон. Қатысушылар қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы кейстердің бірі бойынша өз шешімін ұсынуы тиіс. Бір тапсырманы шешу үшін 320 миллион теңгеге дейін грант беріледі, ал марафонның жүлде қоры 1 миллиард теңгені құрайды.
Іс-шара ІТ-hub "Терриконовая Долина" қолдауымен Tech Garden брендінің атауымен "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры ұйымдастырды. Mining day аясында келесідей кейстер ұсынылған:
1. Байыту фабрикасында, оның ішінде іргелес аумақтарда: дайын өнім қоймалары, ірі ұсақтау корпусы, ЭМҮ (электромагниттік үйлесімділік) ангарлары, контейнерлік алаң персоналдың нүктелік және аймақтық орналасуы мен қауіпсіздігі жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеу және енгізу;
2. Шөгінді деңгейін, қалдық қоймасының тереңдігін және жарықтандырылған қабат деңгейін анықтау үшін цифрлық технологияның ғылыми-қолданбалы әдісін енгізу;
3. Жарылыстың (газтозаңдық бұлтының) зиянды өнімдерінің шығарындыларын азайту және тау-кен массасының жекелеген бөліктерінің ұшу радиусын азайту, олардың инфрақұрылымы мен көлік коммуникациялары елді мекендерінің маңында БЖЖ (бұрғалап-жару жұмысын) қауіпсіз жүргізу үшін;
4. Байыту фабрикасында жасанды интеллект технологиялары арқылы ұнтақтау процесін оңтайландыру.
5. Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу;
7. Негізгі құралдар және тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу;
8. Орталықтандырылған қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін енгізу.
Қатысушылардан ұсынылған жобалар тау-кен металлургия саласын жаңа деңгейге шығаруға, оның ішінде процестерді автоматтандыруға, экологиялық пайда әкелуге, барынша тиімділікке қол жеткізуге және кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Өтінімдерді қабылдау info@terricon.kz электронды поштасында жүргізіледі және 23 желтоқсанында сағат 18:00-де аяқталады. Марафонның өзі "Терриконовая Долина" IT-хабында Алалыкин көшесі, 12 мекенжайы бойынша офлайн форматта 26 желтоқсан күні өтеді.