Баспасөз-релиздері

Дидар Молдабеков митапта DBA мамандығы туралы айтты

Мәліметтер базасының әкімшісі - бұл серверлік мәліметтер базасын басқарумен және қызмет етумен айналысатын маман. Ол барлық бөлімдердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жауап береді. 27 тамызда IT-хабта "DBA перспективалары" тақырыбында митап өтті, ол жерде Overonix Technologies-тегі Senior DBA Дидар Молдабеков мамандық туралы және осындай маманның міндеттері қандай екенін айтты.

Мәліметтер базасы - бұл құрылымдық ақпараттың немесе деректердің реттелген жиынтығы. Спикердің айтуынша, осындай базаларды жобалау, конфигурациялау және баптау үшін басқару жүйелері бар. Дидар олардың қандай болатынын, мамандардың олармен қалай жұмыс істейтінін және компаниядағы мәліметтер базасының әкімшісінің рөлі қандай екенін анықтап, айтып берді. Ол DBA-ның негізгі міндеттері тұтастық, қолжетімділік және құпиялылық екенін атап өтті, оған өз міндеттерін дұрыс орындау арқылы қол жеткізуге болады. Қорытындылай келе, сарапшы мамандықтың болашағы туралы айтып, осы саланың әлемде не себептен одан әрі дамып, өзекті бола түсетіні туралы өз пікірімен бөлісті.

Митаптың видео жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=rIw5r0I3nT4 сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 27 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС