15 қыркүйекте Қарағандыда «Терриконовая долинада» бастамасымен жүзеге асырылатын A to U Accelerator инвестициялық бағдарламасының жаңа легі басталады. Бұл өз жобасын дамытуды, жаңа нарықтарға шығуды және инвестиция тартуды мақсат ететін ерте кезеңдегі стартаптарға арналған жоба. Дәстүрлі оқыту форматтарынан айырмашылығы, A to U Accelerator негізгі назарды жобалармен практикалық жұмысқа және нақты қаржыландыру мүмкіндіктерін ашуға аударады.
Бағдарлама барысында қатысушылар тәжірибелі менторлар мен трекерлердің жетекшілігіндегі қарқынды акселерациядан өтеді, сарапшылар мен бизнес-комьюнити өкілдерімен жұмыс істейді. Ең басты артықшылығы - венчурлік қорлармен, бизнес-ангелдермен және инвесткомитеттер өкілдерімен (Қазақстан мен басқа елдерден) жеке кездесулер өткізу мүмкіндігі. Бағдарламаның финалистері өз жобаларын инвесторларға таныстырып, жобаны масштабтау және халықаралық нарыққа шығу үшін қолдау алу мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, A to U Accelerator - фаундерлер тек білім мен қолдау алып қана қоймай, нақты инвестициялық келісімдер жасауға мүмкіндік алатын алаң. Бұрынғы легтердің түлектері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: олардың кейбірі ондаған миллион теңге инвестициялар мен гранттар тартып, жаңа нарықтарға шықты және өз позицияларын нығайтты.
Бағдарламаға MVP немесе алғашқы сатылымдары бар, әрі жедел дамуға дайын командалар қатыса алады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/accelerator
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 15 қыркүйек – 7 желтоқсан
Орны: «Терриконовая долина» IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн