IT-хабта Frontend-әзірлеуде жағдайды басқару тақырыбы бойынша дәріс өтеді
2024-09-20 15:55
"Терриконовая долина" IT-хабында жағдайды басқару тақырыбы бойынша дәріс өтеді
Шақырылған спикер BI Group-та Frontend-әзірлеуші Елизавета Козина болады.
25 қыркүйекте сағат 19:00-де өтетін дәріс IT-мамандықтарында оқитын студенттерге және жұмыс істеп жүрген Frontend-әзірлеушілеріне бағытталған. Қатысушылар жағдайдың Frontend-әзірлеу контекстінде не екенін, жағдайды басқарудың негізгі әдістері туралы, жағдаймен жұмыс істеуге арналған танымал кітапханалар және оларды салыстыру туралы біледі.
Іс-шара гибридті форматта өтеді: офлайн форматта Алалыкин көшесі, 12 мекенжайы бойынша келіп қатысуға болады және онлайн форматында қосылуға болады. Қатысу тегін, іс-шараға алдын ала тіркелу қажет: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.