Баспасөз-релиздері

2 желтоқсан күні MedTech Hackathon басталады! Жеңімпаздар 1 миллион теңгені бөледі

Хакатон - бұл жаңа IT-жобаларын құру мақсатында әзірлеушілер үшін ұйымдастырылған сайыс. Бұл жолы Хакатонның тақырыбы медициналық технологиялар болады. Қазылар алқасының бағалауы бойынша үздік жобаларды ұсынған үш команда 1 000 000 теңге көлемінде жүлде қорын бөліп алады.

Жоба 2 желтоқсанда басталып, екі күнге созылады. Осы уақыт ішінде қатысқан командалар ұсынылған кейстердің бірінде MVP әзірлеуі керек. Бірінші кейс - ақылды медициналық жазбаны әзірлеу, екіншісі - азаматтар үшін дәрігерлер тарапынан сұрақтар мен жауаптар платформасын құру.

Күнделікті жоба трекері ағымдағы прогресті бағалау үшін командалармен кездеседі. Сондай-ақ командалар өз идеяларын техникалық сарапшылармен бірлесіп пысықтап, оларға сұрақтар қоя алады. Үшінші күні финалдық қорғау өтеді, ол жерде қатысушылар өз нәтижелерін қазылар алқасының мүшелеріне ұсынады.

MedTech Hackathon серіктестері Damumed кешенді медициналық ақпараттық жүйесі және "Садыхан" ЖШС дәріхана желісі болады. Бұл компаниялардың өкілдері өздерінің сыйлықтарын ұнаған және өмірге минималды бейімді өнімді ұсынған командаларға ұсынады.

Хакатонға қатысуға IT-мамандарды, студенттерді, медицина қызметкерлерін шақырамыз. Өтінімдерді қабылдау сілтемесі: https://terricon.kz/ru/hackathon 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 2-4 желтоқсан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС