Баспасөз-релиздері

Кәсіпкерлер бизнесті шыңдай алады және 2,4 миллион теңге көлемінде грант ұтып алады

21 қаңтар күні Қарағанды "Терриконовая Долина" жобасының кезекті акселерациялық бағдарламасы іске қосылады. Жоба аясында ұйымдастырушылар кәсіпкерлерге өз компанияларын талдауға және одан әрі өсу нүктелерін анықтауға көмектесетін тегін оқыту өткізеді. Финалда ең жақсы нәтиже көрсеткен командалар шақырылған инвесторлардан қаржыландыруға үміттене алады.

"Акселератор" бағдарламасы жобаға сегіз апталық қатысуды көздейді, оның барысында шақырылған сарапшылардан дәрістер, воркшоптар және трекерлермен жеке консультациялар өтеді. Жобаның мақсаты - кәсіпкерлерге бизнестің пайдасын 10-15%-ға арттыруға көмектесу болып табылады. Ол үшін қатысушылар өнім экономикасын, сатуды жүргізуді, маркетингтік коммуникацияларды, нарық пен бәсекелестерді зерттеуді және басқа да пайдалы тақырыптарды зерттейді. Сондай-ақ өз қызметін Қазақстанда да, басқа елдерде де табысты жүзеге асыратын кәсіпкерлердің кейстері қарастырылатын болады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша командалар өздерінің бәсекелестік артықшылығын айқындайды және одан әрі масштабтау жоспарын, оның ішінде филиалдарды ашу, шетелдік нарықтарға шығу және өнім желісін кеңейту нұсқаларын белгілейді. Финалда қатысушылар өз нәтижелерін Демо-күнде қазылар алқасының алдында ұсынады. Жеңімпаздар командасы біздін серкітес Яндекс жобасынан 2,4 миллион теңге сомасында грант алады.

"Акселаторда" digital, FMCG және басқа да қызметтер саласындағы шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Қатысушыларды тіркеу https://terricon.kz/ru/acceleratorсілтемесі бойынша жүргізіледі. Өтініш беру мерзімі: 21 қаңтарға дейін.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 21 қаңтар - 17 наурыз
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12


Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС