Баспасөз-релиздері

Нұр-Сұлтан қаласынан келген спикер бизнес-коммуникациялар туралы митап өткізеді

Клиенттермен және серіктестермен дұрыс құрылған коммуникациялар ұзақ мерзімді қатынастарды орнатуға, тиімді сатылымдарды қамтамасыз етуге және өзара түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. 26 мамыр күні IT-хабта астанадан шақырылған спикер - бизнес-жаттықтырушы Аскар Утепкалиев сөз сөйлейді. Ол қарым-қатынас арқылы кәсіпкерлікте қалай жетістікке жетуге болатындығын айтады.

Митап интерактивті-ойын түрінде тренинг форматында құрылады, ол қатысушыларға іскерлік қарым-қатынас дағдыларын іс жүзінде көрсетуге және коммуникативтік фишкаларды үйренуге көмектеседі. Сондай-ақ Аскар келіссөздерді қалай тиімді жүргізу, жанжалдарды басқару және дұрыс сату туралы аудиториямен бөліседі.

Митап кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне, басшыларға, стартаперлерге пайдалы болады. Қатысу WebEx Meetings платформасы арқылы офлайн және онлайн форматында қатысуға болады.

Сілтеме арқылы өтіп тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 26 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.