Баспасөз-релиздері

Make.com платформасы бойынша практикалық воркшоп қалай өтті

2025-05-20 11:31
19 мамыр күні IT-хаб “Терриконовая долина” алаңында no-code автоматизация тақырыбында ағылшын тілінде интенсивті воркшоп өтті. Іс-шараны ongo.kz жасанды интеллект платформасының негізін қалаушы, UX/UI-дизайнер және білім беру мен коммерциялық өнімдерге арналған цифрлық шешімдер әзірлеушісі Алишер Абдулин жүргізді.

Іс-шара форматы барынша практикалық бағытта өтті: дәрістердің орнына – компьютерлік сыныптағы жұмыс, теорияның орнына – қатысушылардың өз жобалары. Студенттер, фрилансерлер, жас кәсіпкерлер мен маркетологтар өз міндеттеріне сай автоматизацияны бірден баптауға кірісті.

Алишер цифрлық сервистерді минималды шығынмен іске қосудың жеке тәсілдерімен және кейстерімен бөлісті. Солардың бірі — түйіндемені бейімдеу бойынша жаңа сервистің гипотезасын тексеру оқиғасы. MVP Make.com көмегімен бір күнде жиналып, бірде-бір код жолын жазбай-ақ жүздеген жауап алған. Бұл мысал көптеген қатысушылар үшін идеядан алғашқы қолданушыларға дейінгі жолды қаншалықты жылдам өтуге болатынын айқын көрсетті.

Telegram және OpenAI жүйелерімен интеграция мүмкіндіктері, сондай-ақ Make.com платформасын пайдаланып қаржы есебінен бастап әлеуметтік желілерге контент дайындауға дейінгі күнделікті процестерді автоматтандыру қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар тек спикердің экранын бақылап қана қоймай, өз автоматизация тізбектерін құрастырып, оларды сынақтан өткізіп, нақты сценарийлер бойынша сұрақтар қойды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тек дайын жобаларды ғана емес, сонымен қатар әзірлеушілер командасын тартпай-ақ цифрлық өнімдерді қалай жасауға болатыны туралы нақты түсінікпен қайтты. Ең бастысы – no-code құралдарының көмегімен ресурстарды үнемдеу, идеяларды тез тексеру және бизнесті масштабтау жолдарын меңгерді.

Оқыту жазбасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://share.kz/g9gr

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 19 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн