Баспасөз-релиздері

IT-хабта жаңадан бастаушыларға арналған екі күндік әзірлеуден курсы өтті

Мобильді әзірлеуші мамандығы ІТ-нарығында сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып саналады. Бұған бірнеше себептер бар, атап айтатын болсақ: жоғары табыс табу мүмкіндігі, мансаптық перспективалар, ыңғайлы жұмыс кестесі (штатта, қашықтан немесе фриланста жұмыс істеу). 27 тамыз күні ІТ-хабта әзірлеуші мансабын бастағысы келетін жаңадан бастаушыларға арналған тегін курс басталды.

Курс спикерлері: MobyDev компаниясының негізін қалаушы Олжас Ахметов және MobyDev компаниясының директоры Аселхан Ахметова болды. Оқытудың басында олар бағдарламалаудың тарихы туралы айтып, теорияны талдады. Сонымен қатар, қатысушылар бағдарламалау неден тұратынын, қандай біғдарламалау тілдері қолданылатынын және олармен қалай жұмыс істеу керектігін білді. Спикерлер толығырақ Swift-ті зерттеуге тоқталды: қайда қолданылады, деректер түрлері, ерекшеліктері. Сондай-ақ, жолдар, константалар және айнымалылар сияқты теориялық негіздер де зерттелді. Мысал ретінде Олжас пен Аселхан Swift онлайн компиляторындағы кодта барлық жаңа терминдерді көрсетті. Зерттелген материалды бекіту үшін сарапшылар курс қатысушыларына бірнеше тапсырмадан өтуді ұсынды, ал нәтижелері болса, бірлесіп талданды.

Оқытудың екінші күні жаңадан бастаушыларға арналған әзірлеу туралы тақырып жалғасты. Спикерлер қатысушыларға мобильді қосымшаны құру принциптерін көрсететін тренажер дайындады. Ол жерде қатысушылар сарапшылардың бақылауымен стандартты функциялары бар калькулятор құра алды. Осының негізінде Аселхан қатысушыларға қай бағыт кімге қолайлы екеніне байланысты iOS немесе Android әзірлеу бойынша гайд ұсынды.

Сондай-ақ, курста мобильді әзірлеушінің жұмыс кезеңдері және iOS пен Android үшін әзірлеу процесінің айырмашылығы талданды. Соңында спикерлер мамандықтың болашағы туралы айтып, жаңадан бастаушыларға тәжірибе жинау тәсілдері туралы бірнеше кеңестер берді.

Қашан: 26-27 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС