Релокация немесе "қашықтан" мүмкіндігі бар жұмысты Еуропада қалай табуға болады? Бұл туралы 26 қыркүйек күні өтетін тегін митапта айтылады. Қатысушылар IT саласының болашағы зор мамандықтарды, сондай-ақ шетелдік жұмыс берушілермен жұмыс істеу ерекшеліктерін талдайды.
Шақырылған спикер - Еуропа мен Қазақстандаға ITMAXICO СЕО-сы Максим Марченко болады. Максимнің сонымен қатар 13 жылдан астам тәжірибесі және дипломы бар бағдарламашы, сертификатталған жоба менеджері және интернет-маркетинг бакалавры.
Митапта спикер еуропалық нарықпен жұмыс істеу ерекшелігін талдап, шетелде компанияны қалай таңдау керектігін және валютада жалақы алу үшін неден бастау керектігін айтады. Сондай-ақ ол IT саласында бизнес ашудың жеке тәжірибесімен бөліседі, жаңа бастаған мамандарға ұсыныстар беріп, аудиторияның сұрақтарына жауап береді.
Стартаперлерді, кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнес иелерін, әзірлеушілерді қатысуға шақырамыз. Іс-шара тегін өткізіледі, сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Офлайн-форматқа қатысушылар спикерден тығыз кері байланыс ала алады, ынтымақтастық үшін серіктестер таба алады және ұйымдастырушылардың сыйлық ұтысына қатыса алады.
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы". Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС