Баспасөз-релиздері

Митапта сәтті бизнес-модель құру туралы айтылды

10 қыркүйек күні IT-хабта "Идеядан нарыққа шығуға дейін. Lean Canvas және барлығы" тақырыбында митап өткізілді. Спикер Tinkoff-тағы Senior Delivery Manager Евгений Адамов Lean Canvas-ты өз өнімі бойынша қалай толтырып, стартапты сәттілікке жетелеуді айтты.

Басында спикер Lean Canvas термині қайдан шыққанын, оның не білдіретінін және осы құралдың қалай жұмыс істейтінін айтты. Ол осы әдістеме бойынша кесте үлгісі қалай көрінетінін, ол қандай блоктардан тұратынын және оны қалай толтыру керектігін көрсетті. Түсінікті болу үшін Евгений кестені жоба мысалында толтырды және қатысушыларға үлгіні нұсқа бойынша өз өнімін толтыруды ұсынды.

Сондай-ақ, спикер Jobs To Be Doneтұжырымдамасын талдады: ол қандай сұрақтарға жауап береді және пайдаланушының қажеттіліктерін шешуге қалай көмектеседі. Митап соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, сарапшыдан бірнеше кеңестер ала алды.

Қашан: 10 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС