Баспасөз-релиздері

SOC Analysts техникалық-құрылыс колледжінде дәріс береді

10 қарашада Қарағанда SOC-командалардың жұмысы мен киберқауіпсіздікке жасанды интеллект қалай әсер ететіні туралы дәріс өтеді. Спикерлер ретінде DataArt компаниясының SOC Analysts мамандары – Руслан Давлетов пен Лорран Сантос қатысады. Бір эксперт материалды орыс тілінде, екіншісі ағылшын тілінде ұсынады, бұл аудиторияны кеңейтуге және қазіргі халықаралық қауіп-қатерлерге көзқарасты көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу тақырыбы саладағы басты сұранысты көрсетеді: қауіп-қатерлер жылдам дамуда, ал дәстүрлі автоматтандыру құралдары шабуылдардың ауқымы мен жылдамдығына жауап бере алмай жатыр. Дәріс барысында мамандар қазіргі таңда қай рутиндік операцияларды AI-агенттерге беретінін, SOC-командалар күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын және қауіпсіздік саласының мамандарына prompt engineering пен Human-in-the-loop концепциясын меңгерудің маңызды екенін түсіндіреді. Бұл концепция адам мен алгоритмдердің гибридті жұмысын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, дәрісте ЖИ-нің қауіпсіздік операциялық орталықтарында практикалық қолданылуына ерекше назар аударылады: n8n және Logic Apps негізінде workflow-автоматизация құрудан бастап, ЖИ мамандарға қалай көмектесіп, инциденттерге реакция уақытын қысқартатынына дейінгі нақты сценарийлер қарастырылады.

Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 қараша, 12:00
Өткізілетін орны: Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Кирпичная 8, көшесі
Форматы: офлайн – колледж студенттеріне, онлайн – басқа да қатысушыларға.