Виктор Губков ойындарды әзірлеу туралы дәріс өткізді
2024-11-27 20:29
26 қарашада Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Fizzy Brizzy компаниясының Senior Unity әзірлеушісі Виктор Губковтың шабыт беретін дәрісі өтті. Іс-шара студенттерді офлайн форматта және жаңадан әзірлеушілерді онлайн жинады.
Виктор Губков ойын индустриясындағы өзінің жолы туралы айтып, оның кәсіпқой болуына көмектескен қателіктерімен бөлісті және GameDev-те бастау үшін қажетті негізгі дағдыларды атап өтті. Сондай-ақ спикер салаға жаңадан келгендер жиі жіберетін қателіктерді талдап, ойындарды әзірлеуді бастау туралы кеңестер берді.
Сонымен қатар қатысушылар Unity туралы және ойын сценарийлерін жасаудан бастап соңғы шығарылымға дейін ойын әзірлеу процесі қалай жұмыс істейтіні туралы білді. Дәріс барысында пайдалы ойынға арналған идеяны құру жоспары да талданды.
Дәрістің бейнежазбасы төмендегі сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.youtube.com/watch?v=97a88D5P4WE Қашан: 26 қараша, 13:00 Өткізілген орны: Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Бұқар жырау даңғ., 9 Форматы: колледж студенттеріне - офлайн, қызығушылық танытқандардың барлығына - онлайн.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.