Баспасөз-релиздері

Дәрісте бизнеске арналған Notion қызметі туралы айтылады

Notion - бұл ақпаратпен жұмыс істеуге, оны ұйымдастыруға және пайдалануға арналған қосымша. Ол жерде жазбалар мен мәтіндік құжаттар, істер тізімдері, мәліметтер базасы, кестелер, канбан тақталары жасалуы мүмкін. 4 желтоқсан күні IT-хабта "Notion бизнесті басқару құралы ретінде" тақырыбында дәріс өтеді, ол жерде сервистің қандай артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар екендігі айтылады.

Дәрістің спикері Аксель+ консалтингтік компаниясының СЕО-сы Илья Китанин болады. Ол Notion дегеніміз не және ол не үшін қолданылады, Notion-пен істерді қалай жоспарлау керек, бюджетті басқару, интерфейс негіздері және Notion-дағы AI туралы айтады.

Дәріс digital-саласының мамандарына, кәсіпкерлерге, басшылар мен стартаперлерге пайдалы болады. Қосылу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/notion

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4 желтоқсан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.