Баспасөз-релиздері

Бизнесті тіркеу туралы дәрісте не айтылды?

Зульфия Ковалева - бизнесті тіркеумен, кеңес берумен және сүйемелдеумен айналысатын "КонсультантЪ" агенттігінің негізін қалаушы және кәсіпкер. Оның командасы бухгалтерлік қызмет көрсетеді, салықтық есепке алуды жүргізеді және заңды сүйемелдеуді ұсынады. 18 мамыр күні Зульфия IT-хабта дәріс өткізді, ол жерде жаңа бастауышы кәсіпкерлермен кеңестерімен бөлісті.

"Кәсіпорынның салық саясаты сауатты құрылғаны сіздің бизнесіңіздің тұрақты дамуының кепілі болып табылады деп санаймын", - деп атап өтті спикер.

Ол өз дәрісін бизнесті жүргізудің негізгі формаларын талдаудан бастады. Жеке тұлғалар жеке кәсіпкерлер, нотариустар, медиаторлар және адвокаттар, заңды тұлғалар - АҚ, ҚМ, ЖШС,  ММ және басқа да коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдар бола алады. Зульфия жеке және заңды тұлғаларды тіркеу қалай өтіп жатқанын, айырмашылық неде және процесте қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол салық салу режимдері туралы ақпаратпен бөлісті: жалпыға ортақ және арнайы.

Спикердің айтуынша, шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі жеңілдетілген салық режимін таңдайды. Ол осы салық жүйесін қандай кәсіпкерлер таңдай алатынын және "жеңілдетілген" жұмыс шарттары туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы арнайы салық режиміне қандай қызмет түрлері сәйкес келмейтінін түсіндірді және АСР барлық түрлерін егжей-тегжейлі талдады.

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Зульфия жеке табыс салығын қалай есептеу керектігін айтып, салық сомасын есептеу үшін бірнеше жағдайдың мысалын келтірді.

Дәрістің жазбасын берілген сілтеме арқылы өтіп көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=hRRs-XZFIcA Әсіресе өз кәсіпорнын тіркеуді жоспарлап отырған бастаушы бизнесмендер мен стартаперлерге пайдалы болады.

Қашан: 18 мамыр
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.