Баспасөз-релиздері

Думан Марат REST API әзірлеу туралы айтты

REST API архитектуралық стилі веб-қызметтерді, мобильді қосымшаларды және т.б. жасау үшін қолданылады. 5 маусым күні өткен дәрісте "А-Бизнес Қазақстан" жобаларының жетекшісі Думан Марат Django және FastAPI көмегімен REST API әзірлеу туралы айтты.

Спикер өз сөзінде қатысушыларды түсіну үшін API және REST деген не екенін талдап, REST API мысалын келтірді. Сондай-ақ, ол Django және FastAPI-ге қысқаша шолу жасады және олардың ерекшеліктері туралы айтты. Дәрістің негізгі бөлігі REST API-ді фреймворктарды қолдана отырып, әзірлеуге арналды. Соңында спикер Django және FastAPI-ді одан әрі зерттеу бойынша кеңестерімен бөлісті.

Дәріс жазбасы төмендегі сілтеме бойынша көруге қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=DueJu8N15hM

Қашан: 5 маусым
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.